Алматы әуежайы жұмысын қайта бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы әуежайы жұмысын қайта бастады

13.01.2022

Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер 500-ге жуық бейнекамераны сындырған. Бұл туралы мегаполистегі Шұғыл әрекет ету басқармасының орталығы хабарлады.

Қуан Нұрақын, тілші:

Қала полициясы тәртіпсіздік кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны сындырғанын хабарлады. Сондай-ақ, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтары істен шыққан. Шаһар әкімдігінің хабарлауынша, істен шыққан бақылау жүйелері қайта қалпына келтірілген соң, мегаполистегі тәртіпті 10 мыңға жуық бейне камера бақылайтын болады.

Алматы әуежайы жұмысын қайта бастады

Жолаушылар үшін ақпарат, бүгінннен бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастады. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, алғашқы рейс Алматы – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшып кетті. Еске салайын, қалада коменданттық сағаттың жұмыс істеп тұруына байланысты әуежай таңғы 8-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.


Хабарламаларға жазылу