Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығына орай мәдени шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығына орай мәдени шара өтті

12.04.2014
Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығына орай мәдени шара өтті
Тарихта тұңғыш рет Түркия қазақтары ән-күйлерінің нотасы жазылды. 20-ға жуық туынды ел жадында жатталсын деп қағаз бетіне түсірген - еліміздің мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов. Көне ән-күйлер Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығына орай өткізілген «Қазақстан-Түркия достық кешінде» шырқалды. 
 
Тоқсаныншы жылдары таэквондо сынды спорт түрін ата жұртқа әкелген  Мұстафа Өзтүрік. Өз елінің айбоз ұл қазақтың ұлдарын жаттықтырып, Алаштың айбынына айналды.  Біз Мұстафа Өзтүрікті спортшы ретінде танимыз, ал сегіз қырлы, бір сырлы азаматтың ән жазатын өнерін бірі білсе, бірі біле бермейді. Тау тұлғаның «Жұлдыздарды тілейсің бе?» әні де алғаш рет Астана аспанында қалықтады. Бұдан бөлек, Түркияда тұрып жатқан қандастарымыздың атамекенді сағынғанда айтылатын әнұраны, «Алтай тауы» мен «Ескі достары» әндері шырқалды.
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу