Бүгін Мемлекет басшысы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады. Кездесуде әскери-саяси құрылымның хатшысы бітімгерлік миссияның орындалу барысы, оның ішінде Президент белгілеген мерзім ішінде Ұйымға мүше мемлекеттер елімізден қайтуға дайын екені жайлы ақпарат берді.
Ал Мемлекет басшысы ұйымның кезектен тыс саммитінің қорытындысына көңілі толатынын және террористік акті кезінде Қазақстанға көрсетілген көмек үшін алғысын айтты.