Бүгін Қазақстан Жазушылар одағында белгілі қаламгер, бауыржантанушы Мамытбек Қалдыбаевтың шығармашылық кеш өтті.
«Ұлтыңды сүйсең, Баукеңше сүй!» деп аталған кешке қаламгерлер мен оқырман қауым жиналды. Кеште Мамытбек Қалдыбаев кітаптарынан үзінділер оқылып, әсерлі әңгімелер айтылды.
Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Қалдыбаев «Қанат қақты», «Айна», «Ақжайық әуендері», «Ай туып келеді», «Жолдар шақырады» кітаптарының авторы.
Ұзақ жылдар бойы қазақтың біртуар ұлы Бауыржан Момышұлымен замандас болған жазушы батырдың бейнесін жас ұрпаққа үлгі етуді мақсат етіпті. Баукеңнің өмірі мен өнегесіне арналған 3 томдық кітап жарық көрді.
Ендігі арманы - «Бауыржаннның соңғы күндері» деп аталатын кітапты оқырмандарға тарту ету.
Мамытбек Қалдыбаев, жазушы:
Бұл кітаптарды жазудағы мақсатым - бүгінгі жастар Баукең сияқты ойлы, ұлтжанды, әділ, адал, болса деген тілек. Жай сөзбен емес, жастарды Баукеңнің естеліктерімен тәрбиелеуіміз керек.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ