Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге ақшаның орнына ұн таратылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге ақшаның орнына ұн таратылып жатыр

12.01.2022

Ауғанстандағы тәліптер әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерге ақшаның орнына ұн таратып жатыр. Негізінен Үндістаннан жеткізілген ұн күніне бес сағаттай жұмыс істеген 40 мыңдай адамға 10 келіден беріледі.

«Талибан» өкілдерінің мәлімдеуінше, ақы қайтарудың жаңа тәсілі Кабулде ғана емес, бүкіл ел аумағында қолданылмақ.

Айта кетсек, тәліптерге жарияланған санкциялар, ауған орталық банкінің шетелдегі активтерінің қайтарылмауы, шетелден гуманитарлық жәрдемнің тоқтатылуы бұл мемлекетті ауыр экономикалық дағдарысқа ұшыратып отыр.

Қазір ондаған миллион ауғандыққа аштық қаупі төніп тұр. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымы донор-елдерден Ауғанстанға көмекке 2022 жылы 4,4 доллар жинау туралы өтініш жасауға мәжбүр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу