Қызылорда облысында бүлікке қатысы бар деген күдікпен 607 адам тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында бүлікке қатысы бар деген күдікпен 607 адам тергеліп жатыр

12.01.2022

Қызылорда облысында «Антитерор» операциясы кезінде 100-ден аса бүлікші тұтқындалды. Оларды ұстау барысында атыс қаруы, оқ-дәрі мен наша табылған.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Бүгінде күштік құрылымдар жер-жерде жасырынған бұзақыларды тауып, шетінен ұстап жатыр. Бесінші қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 607 адам полицияға жеткізілген. Бірақ, оның бәрі лаңкестер емес, дейді құқық қорғау органдары. Арасында арандатушылардың жетегінде кеткендер де бар. Қазір күдікке ілінгендердің іс-әрекеті құқықтық бағаланып, қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Жедел штабтың мәліметінше, 72 күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, 208 азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Ал кеше полиция ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысы бар басбұзарды ұстады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу