Күштік құрылымдарды қайта реформалау – кезек күттірмейтін шаруа - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күштік құрылымдарды қайта реформалау – кезек күттірмейтін шаруа

12.01.2022

Күштік құрылымдарды қайта реформалау – кезек күттірмейтін шаруа. Жауапты органдар Президент тапсырмасын орындауға кірісіп кетті. Қазақстанның қарулы күштері жастарды жұмысқа ынталандыру бойынша нақты шаралар қабылдай бастады.

Серік Борамбаев, ҚР Қарулы күштері бас штабы департаментінің бастығы, генерал-майор:

Президент тапсырмасына сәйкес, армияның жауынгерлік қабілетін арттыру, әскерлердің техникамен жабдықталуы мәселесі шешілетін болады. Біз жастарды әскерге қызмет етуге ынталандыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Бұл ерекше миссия болып табылады.

Мұхамеджан Таласов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор:

Жауынгерлік қабілетті арттыру үшін армияны қайта ұйымдастыру, оның ішінде арнайы операция күштерін дамыту - бұл барлық органдардың бірлесіп әркет ету кезінде олардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ әскери қолбасшылардың шешімді дербес қабылдауы болып табылады. Осы қабылданатын шаралар қарулы күштердің жауынгерлік ірілігін, әскери қызмет беделін арттыру кепілі.


Хабарламаларға жазылу