Теңгеге валюталық интервенция жасалуы мүмкін - Ерболат Досаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңгеге валюталық интервенция жасалуы мүмкін - Ерболат Досаев

12.01.2022

Екінші деңгейлі банктердің онлайн сервистері кезең-кезеңімен қалпына келтіріледі. Алматы қаласы мен Алматы облысында банктерді қолма-қол қаражатпен қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Сондай-ақ ол теңгеге алыпсатарлық қысым көрсетуге жол бермеу үшін валюталық интервенция жасалуы мүмкін екенін айтты. Осылайша ұлттық валютаға деген сенімді қайтару үшін әрі инфляцияны төмендету мақсатында нақты шаралар қолға алынады.  

Хабарламаларға жазылу