Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Еуропа халқының жартысынан көбі «омикрон» жұқтыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Еуропа халқының жартысынан көбі «омикрон» жұқтыруы мүмкін

12.01.2022

Еуропа тұрғындарының жартысынан көбі алдағы 6-8 аптада «омикрон» штамына шалдығуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа бойынша директоры Ханс Клюге осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, 2022 жылдың алғашқы аптасында құрлықта ковид жұқтырудың 7 миллионнан астам жаңа фактісі тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Омикрон» Орталық Азия елдерінде салмақ түсіруі мүмкін екенін ескертіп отыр. Аталған штамм өршігендіктен, қазір бірқатар елдің денсаулық сақтау жүйесіне ауыртпалық түскен. Италияда соңғы 24 сағатта ковид 220 мыңнан астам адамнан анықталды. Ал, Ұлыбританияда бір тәулікте 142 мыңнан астам адам індетке шалдыққан.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу