Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен:
Роман Скляр – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;
Ералы Тоғжанов – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары;
Мұхтар Тілеуберді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;
Бақыт Сұлтанов – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;
Ғалымжан Қойшыбаев – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;
Мұрат Бектанов – ҚР Қорғаныс министрі;
Ерлан Тұрғымбаев – ҚР Ішкі істер министрі;
Асқар Омаров – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі;
Қанат Мусин – ҚР Әділет министрі;
Асхат Аймағамбетов – ҚР Білім және ғылым министрі;
Ажар Ғиният – ҚР Денсаулық сақтау министрі;
Серік Шәпкенов – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Қайырбек Өскенбаев – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Ерұлан Жамаубаев – ҚР Қаржы министрі;
Дәурен Абаев – ҚР Мәдениет және спорт министрі;
Юрий Ильин – ҚР Төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – ҚР Ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
Серікқали Брекешев – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;
Болат Ақшолақов – ҚР Энергетика министрі болып тағайындалды.