Қорғаныс пен қауіпсіздікке басымдық беріледі - Президент - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс пен қауіпсіздікке басымдық беріледі - Президент

11.01.2022

Жалпы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін барлық жүйелерді қайта ұйымдастыру қажет. Әскердің санын көбейту керек, оларды қажетті техникамен қамту қажет және жалақылары да тиісті деңгейде болуы тиіс деді президент. Осы орайда қарулы күштердің, құқық қорғау құрылымдары мен ұлттық қауіпсіздік органдары және сыртқы барлаудың жұмысына өзгерістер енгізілетін болды. Жұрағат Баман тарқатады.

Елде орын алған лаңкестік әрекеттер алдын ала ұйымдастырылған зұлымдықтың көрінісі. Халықты ұлтқа бөлу, хаос орнатуға үгіттеу, өз елінің мүлкін қиратып, мемлекетке шығын келтіру нағыз теріс пиғылды терроршылдардың ісі. Соларды анықтау бойынша тікелей жұмыс істеуі тиіс ұлттық қауіпсіз комитеті өз міндетін орындай алмады. Бүлікке жол берді деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауапты орган ретінде болған оқиғаға қатысты нақты баға бере алмады. Ұлттық қауіпсіздігімізге төніп тұрған қауіпті алдын-ала болжап, ескерте алмады. Шабуылшылар ұрымтал сәтті пайдаланып, өз мақсаттарын бірнеше кезеңмен жүзеге асырмақ болды. Біріншіден Жаңаөзенде газ мәселесіне қатысты жиын ұйымдастырылды. Екіншіден бандиттер мен морадерлер қосылды. Үшінші кезеңде қаруланған террористер мен шетелдік содырлар шабуылдады.

Иә, тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет осындай күрделі әрі қатерлі кезеңге тап болдық. Десе де, ел басына түскен сынақты қайыспай бір тұтас жұрт болып еңсере білдік. Енді біз бұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Алматы трагедиясы қаупсіздік саласында проблеманың көп екенін көрсетті. Осы ретте президент күштік құрылымдарды реформалау бойынша мәселені көтерді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
 Жаппай террорлық шабуылдарға қай кезде де әзір болуымыз керек. Осы ретте күштік құрылымдар қолбасшылығы жедел түрде әскери жаттығуларына кірісуі қажет. Ұрыстық, жауынгерлік әрекеттерге қажет шабуылдау және қорғану құралдарымен қамтылуы тиіс. Бұдан басқа ұлттық гвардияны сан және сапа жағынан мықтау қажет. Аймақтарда жаңа құрылымдарын құрып, қызмет етіп тұрғандарын күшейту керек. Олардың көлік және материалдық мәселелерін шешілуі тиіс. Ішкі істер министрлігінің арнайы қызметтерінің санын да ұлғайтамыз. Бұл құрылымдардың бәрі ұрысқа кез-келген уақытта дайын болуы керек.

Лаңкестер елдің барлық аймағында әрекет етті. Байқасаңыздар ел астанасында ереуілдер бәсең болды. Президенттің сөзінше терроршылар бұл айламен әскерлерді Нұр-Сұлтаннан басқа өңірге шығарып, Ақордаға шабуылдамақ болған. Міне, осындай кезде әскердің мобильдігі керек. Жауынгерлерді бір аймақтан екінші жаққа тез жетуін қамтамасыз ету қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Еліміздің қауіпсіздігін нығайту үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскери көлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару жарақ саласын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Камераларды қосып, құқық қорғау органдарының жұмысын қалпына келтіру керек.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерінің құқықтық қорғалуы тақырыбын да тілге тиек етті. «Елдегі тәртіпті қадағалап жүрген билік өкілдеріне тиісті құрмет көрсетілуі тиіс» - деді президент. Айтпақшы осы полиция қызметкерлеріне Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің бітімгерлік тобы көмектесіп келді. Қаладағы қаупсіздікті бақылады. Осының арқасында содырлармен күреске негізінен өзіміздің әскерлеріміз жұмылдырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселелерімен айналысады. Қазақстан оның толық құрылтайшысының бірі. Оған жүктелген міндеттер нақты айқындалған. Бұл стратегиялық нысандарды күзету және ақыл-кеңес беріп. Қолдау көрсету. Лаңкестермен өзіміздің күштік құрылымдар айналысуда.

Күштік құрылымдар арасындағы байланысты реттеу. Шұғыл жағдайларда барлық органдардың әрекет ету жоспарын бірізділендіру. Құпия және сыртқы барлау қызметтерінің жұмысын тексеру. Орын алған оқиғадан кейін қателермен осындай жұмыс жасау қажеттілігі туындады. Бұл істің бәрі жуырда өтетін қауіпсіздік кеңесінің отырысында пысықталады деді Президент.

Жұрағат Баман


Хабарламаларға жазылу