Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан жедел іздестіру жұмыстары кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан тағы 5 азамат құрықталды. «Нұрсәт» шағын ауданындағы жалдамалы пәтерлердің біріне жасырылған төрт күдікті 20-21 жастағы бозбалалар. Олардың барлығы да Түркістан облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілердің үйінен «Метро» сауда орталығынан ұрланған тауарлар тәркілененді. Сондай-ақ тәртіпсіздікті пайдаланып, ұрлықпен айналысқан тағы бір азамат та құрықталды.
Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласының коменданты:
Ол ұрланған заттарды өзі жұмыс істейтін көлік жуу орнының демалыс бөлмесінде жасырған болып шықты. Ұрланған тауарлардан бөлек, бөлмеде ерекше иісі бар зат пен ішінде сары сұйықтығы бар кесілген пластикалық бөтелке және кастет анықталды.
Төтенше жағдай режимін бұзған 83 адам жазаланды
Шаһарда сондай-ақ комендаттық сағат тәртібін бұзғаны үшін 83 азамат жауапкершілікке тартылған. Оның 47-і қамауға алынды. Сондай-ақ полицейлер жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар мен оған қатысушыларды да шетінен құрықтап жатыр. Бүгінгі таңда олардың 57-і абақтығы жабылған. Олардан травматикалық, газ тапаншасы мен шолақ мылтық пен оқ дәрілер табылған. Бүгінгі таңға дейін блок бекеттерде 12 мыңнан астам автокөлік тексерілді.
Ғани Қалмаханов