Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынды

11.01.2022

Қарағанды облысында өткен тәулікте 13 қылмыс ашылды. Төтенше жағдай режимін бұзған 43 адам қамауға алынып, 9 тұрғынға айыппұл салынды. Бұған қоса 335 адамға ескерту жасалды. Рейд барысында тәртіп сақшылары тыйым салынған 21 затты тәркілеген. Тінту кезінде тегіс ұңғылы 13 қару табылды. Сондай-ақ 6 есірткі сақтау дерегі анықталды. Қазір Қарағанды өңірінде жалпы жағдай тұрақты. Қала маңына 8 блокбекет қойылған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, коменданттық сағатты бұзғандар қатарында шет ел азаматтары да бар.

Ерлан Файзуллин, Қарағанды облысының коменданты:

Төтенше жағдай режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Оның біреуі төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынса, екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал екі азамат сот шешіміне дейін арнайы қабылдағышқа орналастырылды.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу