Қостанай облысында төтенше жағдай режимін бұзған 45 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында төтенше жағдай режимін бұзған 45 адам ұсталды

11.01.2022

Бір тәулік ішінде Қостанай облысында төтенше жағдай режимін бұзған 45 адам ұсталды. Олардың әрекетіне қатысты әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Бізге облыстық комендатурадан берілген мәліметте нақты қандай талаптар бұзылған айтылмайды. Қалай болғанда бұл азаматтардың төтенше жағдай тәртібін сақтамағаны анық. Бұған дейін Рудный Қостанай тас жолында Ресей азаматынан нөмірсіз пневматикалық тапанша тәркіленген.
Аймақта республикалық, облыстық маңыздағы тас жолдар мен облыстың әкімшілік шекарасы бойына барлығы 14 блокбекет қойылған. Төтенше жағдай жариланғанғалы осы бекеттерден 12 мыңнан аса автокөлік өткен. 5-қаңтардан бері Полиция департаменті базасында «Ситцуациялық орталық» күндіз-түні жұмыс істеп тұр. Оның мақсаты - тұрғындарға барлық бағытта құқықтық кеңес беріп, көмек көрсету. Қазір қала көшелерінде әскерилер мен полиция тәулік бойы кезекшілікте. Олар күдік тудырғандарды тексеріп, көпшілікке төтенше жағдай талабын сақтау туралы түсінік жүргізеді. Бір тәулікте Қостанайдағы жедел басқару орталығына азаматтардан қылмыс пен құқық бұзушылық туралы 341 хабарлама түскен. Құзырлы орындар барлық хабарламалар бойынша тексеру, анықтау және алдын алу шараларын жүргізді. Жалпы алғанда жағдай қалыпты.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу