Ержан Қазыханов америкалық CNN телеарнасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ержан Қазыханов америкалық CNN телеарнасына сұхбат берді

11.01.2022

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов америкалық CNN арнасына сұхбат беріп, елдегі жағдайды түсіндірді. Дипломат телеарна журналисі Кристиан Аманпурдың сұрақтарына жауап бере отырып, елдегі тәртіпсіздіктер кезінде қабылданған шаралардың барлығы конституцияға сай болғанын атап өтті.

Ержан Қазыханов, ҚР Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі:

Қазақстанда бейбіт шерушілерге қарсы ешқашан қару қолданылған жоқ, ешқашан қолданылмайды да. Қайталап айтайын, бұл жолы елде терроризммен, мұздай қаруланып, дайындықтан өткен содырлармен күрес жүрді. Олар елдегі жағдайды ушықтырып, басып алуды көздеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу