Павлодарда болған тәртіпсіздікке қатысты ұсталғандар саны 900-ге жетті. Олардың арасында 4 шетелдік азамат болған.
Болат Аманбаев, тілші:
Қазіргі күні 220 адам 15 тәулікке қамалды. Ал 228-і 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал басқа мемлекеттен келіп, бұзақылыққа барған шетелдіктердің 4-уі де өз елдеріне жіберілді. Бұдан бөлек видеотүсірілімдерді жіті зерделеудің нәтижесінде бүлік шығаруға талпынып, агрессияға барған 100-ден аса адам ұсталды. Олар заң аясында қылмыстық жауапқа тартылады. Тергеу жүріп жатқандықтан, нақты мәлімет жария етілмейді. Осы ретте Павлодар, Екібастұз қаласы және Баянауыл ауданында өткен тәртіпсіздік кезінде кәсіпкерлік және басқа да нысандарға еш залал келмегенін айту ләзім. Сондықтан ірі кәсіпорындар мен бизнес өкілдері полиция мен басқа да күштік құрылым қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтып, демалатын орын дайындап, жылы киімдермен қамтып жатыр.
Тоқпан Әйтібаев, полиция ардагері:
Қазір өңірде аса маңызды мемлекеттік стратегиялық объектілерде күзет күшейтілген. Қала сыртындағы трассаларды полиция қызметкерлері әлі бақылап тұр. Коменданттық сағатқа бағынбай, тәртіп бұзған 300-ге жуық көлік пен 600 ден астам адам ұсталды.