Мемлекет басшысы Үкімет мүшелері мен депутаттардың жалақысына қатысты 5 жылдық мараторий жариялады. «Меніңше қазіргі төленіп отырған айлық жеткілікті деп санаймын»,-деді Президент. Есесіне Қарулы күштер, Құқық қорғау органдары, Ұлттық қаупсіздік қызметі, Сыртқы барлау қызметі жұмысын жүйелеп, оларға жағдай жасау үшін жалақысын арттыруды тапсырды. «Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұланның арнайы жасақтарының санын көбейту, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қажетті арнайы көліктермен жабдықтау, барлық құқық қорғау органдарының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек», - деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Үкімет мүшелерінің, әкімдер мен депутаттардың жалақысы қоғамда көп сынға түсті. Меніңше жалақы расымен өте жеткілікті деңгейде төленеді. Сондықтан 5 жылдық мараторий жариялауға толық негіз бар.