Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда мемлекеттік қызметкерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

11.01.2022

Талдықорғанда облыстық әкімдік құрылымындағы мемлекеттік қызметкерлер штаттық режимде қызметіне кірісті. Облыс әкімі Қанат Бозымбаев бастаған басқармалар мен департаменттер уақытша қалалық әкімдік ғимаратында жұмыс істейтін болады. Өңір басшысы қираған ғимараттарды аралап, әсіресе, қатты зардап шеккен әкімдікті жылдам қалпына келтіру туралы нұсқаулар берді. Қазіргі таңда өңірде жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен халыққа қызмет көрсету орталығы мен бірқатар қаржылық құрылымдар әлі жұмысын бастаған жоқ. 

Хабарламаларға жазылу