Қазақстанның даму банкі таңдаулы адамдар тобының жеке банкіне айналып кеткен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында осылай деп мәлімдеді. Мемлекет басшысы «Алдымен – достарға, қалғаны – заң бойынша» принципімен жұмыс істеп келген жүйені сынға алып, Үкіметке Қазақстанның даму Банкінің жұмысын қайта құру туралы тапсырма берді. Өйткені ірі кәсіпорындар жоғары кабинеттерге емін-еркін кіре алатын мүмкіндігін пайдаланып, өз мүддесіне қарай шешеді. Олардың аты-жөндерін де білеміз. Шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінуі тиіс мемлекет қаржысы осындай жобаларға кетіп қалады», - деді Президент.