Террорлық шабуылға қатысы бар 366 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Террорлық шабуылға қатысы бар 366 адам ұсталды

11.01.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі құқық қорғау органдарымен бірлесіп, терроризмге қарсы операция бастағалы лаңкестік әрекетке қатысы бар деген 366 күдіктіні ұстады. Құрықтау кезінде 30 бірлік қару, 245 бірлік оқ-дәрі мен 8 радиостанция және 4 бронежилет тәркіленді. Сондай-ақ, ұсталғандардан 200-ден астам ұялы телефон мен 300-ге жуық спирттік ішімдік, сонымен қатар, қомақты қаржы табылды. Олардан 29 автокөлік пен діни әдебиеттер және заңсыз митингтерді ұйымдастыру тәртібі жазылған әдістемелік құралдар алынды. 

Хабарламаларға жазылу