Норвегия жұрты Қазақстанға қолдау білдіруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия жұрты Қазақстанға қолдау білдіруде

11.01.2022

Норвегиялықтар да Қазақстандағы ахуалға алаңдап, ел халқына рухани демеу білдіруде. Еңсені езген азалы күн енді қайталанбасын деген қоғам қайраткерлері халықты бірлікке, сабырға шақыруда. Ғаламтор арқылы біздегі жағдайды жіті бақылап отырған Скандинав елінің сарапшылары «ел Президенті мемлекеттің тұтастығын сақтап қалу үшін тез әрі батыл шешім қабылдады» деген пікірде.

Бьорн Дитлеф Нистад, норвегиялық жазушы, тарих ғылымдарының докторы:

Теледидардан Қазақстаннан кадрларды көргенде қатты күйзелісте болдым. Мұның бейбіт шерулерге еш қатысы жоқ. Жаппай, ұйымдасқан теракт. Лаңкестер мемлекетті құлатып, билікке өздері келуді көксегені анық. Менің ойымша, кез-келген елде мұндай элементтерді күш қолданбаса, тоқтату мүмкін емес. Басқа балама жоқ. Егер Норвегияда мұндай оқиға орын алса, Норвегия билігі де оны тоқтату үшін полиция мен сарбаздарды жұмылдыратын еді деп ойлаймын.

Торе Нәрланд, «Bike for peace» қозғалысының жетекшісі, қоғам белсендісі:

Соңғы аптада қаншама адамынан айырылған Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтамыз. Адамдар көз жұмды, жараланды, мүгедек болды. Жақындарынан айырылған отбасыларды ойлаудамыз. Қазақстан халқына бар жақсылықты тілейміз.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу