Еурокеңес төрағасы Қазақстандағы ахуалды Президент Тоқаевпен талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еурокеңес төрағасы Қазақстандағы ахуалды Президент Тоқаевпен талқылады

11.01.2022

Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель Қазақстандағы соңғы ахуалды Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен талқылап, қаза тапқандарға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні көңіл айтты. Мұны ол өзінің «Твиттердегі» парақшасында мәлім етті.

Тағы бір сөзінде Мишель Еуропа одағы мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің маңыздылығына тоқталып, еліміздің егемендігі мен қауіпсіздігіне және тұрақтылығына қолдау білдірді.

Британ елшісі алматыдағы зорлық-зомбылықтан жаны түршіккенін мәлімдеді

Ал, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Алматы тұрғындары тап болған зорлық-зомбылық пен қиратудан жаны түршіккенін мәлімдеді. Кэти Лич те мұны «Твиттер» арқылы хабарлады. Және де ол Жалпыұлттық аза тұту күні құрбандардың туған-туыстарына Корольдік үкіметі атынан көңіл айтты. Дипмиссия жетекшісінің мәлімдеуінше, ресми Лондон Қазақстанды жойқын оқиғалардан кейін қалпына келтіру жолында қолдауға дайын.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу