Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайды Еуропалық одақ төрағасы Шарль Мишельмен талқылады.
Онлайн форматта өткен екі жақты кездесуде соңғы ақпараттар баяндалды. Біздің мемлекетімізге төнген агрессиялық қауіпті жойып, конституциялық тәртіпті қалпына келтіру үшін шұғыл шаралар қабылданғаны айтылды.