Атырау облысының өнерпаздары Түркияда концерт берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысының өнерпаздары Түркияда концерт берді

28.03.2014
Атырау облысының өнерпаздары Түркияда концерт берді

Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған делегация Түркия, Германия және Австрия елдерімен мәдени қарым-қатынасты дамыта түсу мақсатында сапарға шықты. Қазір олар Түркияда екі жақты кездесулер өткізіп, тараптар мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға уағдаласуда.

 
Ал, делегация қатарындағы Дина Нұрпейісова атындағы Атырау облыстық академиялық ұлт-аспаптар оркестрі мен өнерпаздар бауырлас елдің 4 қаласында концерт беріп үлгерді. Казақтың күмбірлеген күйі мен сазды әуені көрермен жүрегін бірден жаулап алды. 
 
  
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу