Семейде жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 146 адам ұсталған. Қазір олардың дені өз кінәсін мойындап, сот шешімі шықты. Тағы бірқатар күдіктілер тергеуде. Іздестіріліп жатқандар да бар.
Ержан Жақып, тілші:
Семейде жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталғандар мен зардап шеккендер жайлы ресми ақпаратты құқық қорғаушылар бүгін ғана жариялап отыр. Қазір қалалық әкімдікті басып кіру фактісі бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған. 32 адам «қылмыс жасады» деген күдікке ілініп, оларға қатысты тергеу жалғасып жатыр. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 146 адам ұсталған. Олардың 109-на қатысты сот шешімі шыққан. Әлі іздестірліп жатқандар бар. Құқық қорғаушылар жұмысты тоқтатқан жоқ.
Бақытжан Байахметов, Семей қаласының әкімі:
Қазіргі таңда тәртіп толық орнады. Қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін барлық қызметтер штаттық режимде жұмыс атқаруда. Қоғамдық көлік, жылу, су, электр қуатымен қамтамасыз етуде ақау болған жоқ. Барлық әлеуметтік төлемдер, еңбекақа мен зейнетақылар уақытылы төленеді.
Ержан Жақып, тілші:
Жаппай тәртіпсіздік болған күні зардап шеккендер де жоқ емес. 78 адам медициналық мекемелерге түрлі жарақатпен жүгінген. Олардың 14-і ауруханаға жатқызылған. Зардап шеккендердің арасында тұрғындар да, күш құрылымдарының өкілдері де бар. Қазір барлығының денсаулығы қалыпты.
Ержан Жақып