Ақын Жұматай Жақыпбаевты еске алу кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Жұматай Жақыпбаевты еске алу кеші өтті

28.03.2014
Ақын Жұматай Жақыпбаевты еске алу кеші өтті
 
«Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде...». Алматыда қазақтың көрнекті ақыны Жұматай Жақыпбаевты еске алуға арналған кеш осылай аталды. Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Тағзым» клубының аясында өткен кешке ақынның жары, оқырмандары мен шәкірттері келді.
 
Қазақ өлеңінің төрінде ерекше орны бар Жұматай Жақыпбаев парасатты поэзиясымен талай жүректерді жібітті. Әсіресе, нәзік те сырбаз сезімге толы сыршыл махаббат тақырыбындағы жырларын жастар сүйсіне оқиды.
 
Әсем нақышпен өрнектелген канық бояулы «Саратан», «Ләйлә» жыр жинақтарында туған жердің көркем табиғатын, махаббатты, сұлулықты тебірене жырлаған. Ақынның дүние салғанына биыл  - 23 жыл. Дегенмен, 45 жасында өмірден озған ақын бейнесі алыстаған сайын тұлғасы биіктей береді. 
 
Заида Елғондинова, Жұматай Жақыпбаевтың жары, ақын:  
Шығыстың 49 ақыны Ләйлі-Мәжнүнді жырласа, ол Ләйләні жалғыз өзі жырлап, қазақ поэзиясына өшпес мұрасын қалдырып кетті. Осындай Шығыс-Батыс поэзиясын бойына сіңірген Жұматайдың тойы жалғаса береді деп ойлаймын. Себебі, алда 70 жылдығы келе жатыр.
 
 
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу