Еуропа қазақтары атажұрттағы ахуалға алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа қазақтары атажұрттағы ахуалға алаңдаулы

10.01.2022

Еуропадағы қазақтар да атажұрттағы ахуалға алаңдаулы. Қарт құрлықтың 10 елінде қазір 10 мыңнан астам қандасымыз тұрып жатыр. Дені, 1950 жылдары Түркиядан қоныс аударғандар. Атамекендегі әрбір жаңалыққа елеңдеп отыратын қандастар «елге қауіп төнді» дегенді естігелі Отандастарына моральдық, материалдық көмек көрсетуде. Еуропа қазақтары қауымдастығының мүшелері қарт құрлықтан қайта алмай жүрген Қазақстан азаматтарының елге аман-есен оралуына ат салысып жүр. Франция, Германия, Норвегия, Швеция, Еуропаның басқа да елдеріндегі дәрігер қазақтар жерлестеріне көмектесу үшін елге аттануға дайын.

Мұрат Ерміш, Еуропадағы қазақ қоғамдары федерациясының президенті:

Аза тұту күніне орай Алла Отанымыздың киелі халқына зор денсаулық пен жақсылық берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын. Осы қиын күндерде мен емес, біз болуымыз керек. Отаным маған жәрдем берсін деп емес, мен Отаныма қалай жәрдем беремін деуіміз керек. Бір Президенттің, Бір Отанның, Бір Тудың астында, бір халық болайық.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу