Алматыда әскери емдеу мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда әскери емдеу мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр

10.01.2022

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов Алматы қаласындағы әскери-клиникалық госпитальге барып, жаппай тәртіпсіздік барысында зардап шеккендердің көңілін сұрап, оларға алғысын білдірді. Әскери емдеу мекемесі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда қысқа мерзім ішінде операция жасайтын бөлмелер ашылып, жарақат алған әскери қызметшілерге білікті медициналық көмек көрсететін дәрігерлік-мейіргерлік бригадалары құрылды. 

Хабарламаларға жазылу