Елордалық Ұлттық ұлан сарбаздары қаруластарын еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық Ұлттық ұлан сарбаздары қаруластарын еске алды

10.01.2022

Елімізде болған жаппай тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның жеке құрамы басқа да күш құрылымдарымен бірігіп, еліміздің тұтастығын сақтауға аянбай күш жұмсады. Құқықтың тәртіпті қалпына келтіру кезінде құрбан болған сарбаздар да бар. Бүгінгі Жалпыұлттық аза тұту шарасы елордадағы 5573 әскери бөлімінде де өтті.

Сәбит Әлдебай, тілші:

5573 әскери бөлімінде жалпыұлттық аза тұту шарасы өтуде. Жалпы 10 қаңтар, бүгін ұлттық құландықтардың кәсіби мерекесі болатын. Сарбаздар жыл сайын дәстүрлі түрде салтанатты жиындар өткізетін. Ал қайғылы оқиғаларға байланысты осы әскери бөлімнің сарбаздары бүгінгі күнді қайғы қасіретпен қарсы алды. Жалпы мемлекет тұтастығына қауіп төнген дүрбелең кезінде 400-ге жуық жауынгер әр-түрлі жарақат алған. Олардың ішінде Ұлттық ұлан сарбаздарының екеуі қаза болды.

Бақтияр Мәлікұлы, 5573 Ә/Б рота командирінің тәрбие және құқықтық әлеуметтік жұмыстары жөніндегі орынбасары:

Олар жазғы шақырымның сарбаздары, екеуі де Қарағанда облысынан, бірақ, екеуі әр түрлі әскери бөлімнен, лаңкестік топтардың шабуылынан алдыңғы шепте, өздерінің ерлігін танытып қаза тапты. Бұлар бүкіл қазақ елі үшін батырлар болып қалады.

Сәбит Әлдебай, тілші:

Шынтуайтында Ұлттық ұлан сарбаздары лаңкестермен болған күресте ең алдыңғы шепте, ең алғашқы соққыны қабылдаған болатын. Біз де қапияда қаза болған сарбаздардың ата-аналарына қайғырып көңіл айтамыз.


Хабарламаларға жазылу