Қостанай облысында 260 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды – комендант - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 260 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды – комендант

10.01.2022

Қостанай облысында төтенше жағдай талабын бұзғаны үшін полиция бөлімшелеріне 700-ден астам адам жеткізілді. Сот шешімімен 260 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстағы комендант мәлімдеді. Өңірде қойылған блокбекеттерден өткен көліктер түгел тексеріліп жатыр. 

Бағдат Тобылбай, тілші:

Қостанай өңірінде жағдай тұрақты. Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Мемлекеттік Тулардың барлығы төмен түсіріледі. Бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, полиция өкілдері мен құқық қорғау қызметкерлерін еске алу үшін 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Полиция ата-аналарға балаларын бақылауда ұстауды ескертіп жатыр. Себебі еліміздегі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандар арасында кәмелетке толмаған жеткіншектер де болған. Жалпы алғанда, Қостанай облысында барлық әлеуметтік мекемелер мен дүкендер жұмыс істеп тұр. Тіпті ірі сауда ойын-сауық орындары да ашық. Ал құқық қорғау органдар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін күшейтілген режимде жұмыс істеуде.


Хабарламаларға жазылу