Шабуыл кезінде қаза тапқан шекара қызметі курсантының денесі Ақтауға жеткізілді. 20 жастағы Мейірхан Бітімов Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, шекара академиясының екінші курсында оқыған. Террористер басып кірген сәтте ол шаруашылық блокты күзетіп тұрған. Бүгін тағы бірнеше әскеридің жерлеу рәсімі өтеді.
Нұрлан Темірғалиев, ҚР ҰҚК облыс бойынша департаментінің бөлім меңгерушісі:
Бұл біз үшін де, барша жерлестеріміз үшін де орны толмас қаза болды. Ол елімізді, жерімізді қорғау үшін әскери мамандықты таңдады. Сол міндетін атқару барысында қаза тапты. Жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын.