Жетісу жұрты қаза тапқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу жұрты қаза тапқан полицейді ақтық сапарға шығарып салды

09.01.2022

Бүгін жетісулықтар тергеу изоляторының қызметкері, прапорщик Ербол Ержановты ақтық сапарға шығарып салды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтардың 7-сі күні мұздай қаруланған террористер Талдықорғандағы тергеу изоляторына шабуыл жасаған болатын.

Кескілескен ұрыс кезінде шабуылдаушылардың оғы полицейдің басына және аяғына тиіпті. Ербол Ержанов ЛА-155/16 жабық мекемесінде тапжылмай 22 жыл мінсіз қызмет еткен. Осы қаңтар айында зейнетке шығу керек болған. Марқұмның артында еңіреп ата-анасы, жары және екі баласы қалды.

Төлеубек Іңкәрбаев, марқұм Е.Ержановтың әкесі:

Халқы үшін, елі үшін кетті балам, сіздер үшін. Бәріміз ауызбіршілікте болайық. Міне, көрдіңіздер ме, кішкентай дүние қалай қопарып жіберді. Халықты пайдаланып кетті, бізді пайдаланды. Азаматтар, ондайға бармаңыздар.


Хабарламаларға жазылу