Таразда террорлық шабуыл жасағандарды тұтқындау операциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда террорлық шабуыл жасағандарды тұтқындау операциясы жалғасуда

09.01.2022

Жамбыл облысында жағдай тұрақталғанымен, қауіп сейілген жоқ. Қазір күштік құрылымдар қауіпсіздікті нығайтып, қала ішінде бақылау жүргізуде.

Нұрдос Сембек, тілші:  
Қашқан лаңкестерді жедел іздестіру шаралары қарқынды жүргізілуде. Бүгін әкімдік ғимаратын жағып жіберген төрт адам ұсталды. Террорлық шабуыл жасағандарды тұтқындау бойынша әскери операциялар әлі де жалғасып жатыр. Құқық қорғау қызметкерлері стратегиялық маңызды орындарды қорғауда. Бүгін облыс әкімі тұрғындарға тағы үндеу жасады. Көпшілікті арандатушылыққа ермеуге, қарулары болса өз еріктерімен жауапты органдарға келіп тапсыруға шақырды.  

Қала тұрғындары ауыз сумен, жылу, жарық және қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуде. Азық-түлік қоры жеткілікті, жанармай тапшылығы жоқ.


Хабарламаларға жазылу