Бейбіт шеруге қатысқандар талап-тілек білдірмей, бүлікке көшкен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейбіт шеруге қатысқандар талап-тілек білдірмей, бүлікке көшкен

09.01.2022

Алматыда бейбіт шеруге шыққандардың ешқандай талап-ұсынысы болмаған. Шағым білдірмеген. Бірден талқандап, тонауға көшкен. Олармен келісімге келу мүмкін болмады. Ішкі істер министрінің мәліметінше тұтқиылдан жасалған шабуыл салдарынан полиция қызметкерлеріне төтеп беру қиын болған. Қоғамдық және коммуналдық көліктерді тартып алған. Полицейлерге жарылғыш заттар мен оқ атқан.  

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:
5-қаңтарда Ұйымдасқан топ, шамамен 20 мың адам орталық көшеге келіп әкімдікке шабуыл жасады. Полиция мен әскери курсанттарды мазақ қылып, ойларына келгенін жасады. Құқық қорғау органы, сауда үйлеріне басып кіріп, тонады. Қаржы ұйымдары мен банкоматтардың тас талқанын шығарды. Салдарынан ұшуға дайындалған 60 рейсті тоқтатуға тура келді. 56 рейс әуежайға келе алмады. Аэропорттағы бүкіл сауда және қызмет көрсету орындары тоналды.

Хабарламаларға жазылу