Ел аумағындағы ахуал тұрақталып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел аумағындағы ахуал тұрақталып келеді

09.01.2022

Ел аумағындағы контртеррористік операция жалғасуда және террористер толық жойылмайынша жүзеге аса береді. Күрес конституциялық тәртіп пен заңдылық қайта қалпына келтірілгенше тоқтамайды деп мәлімдеді Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов.

Сұлтан Камалетдинов, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары: 
Қазір Қазақстан Республикасындағы жағдай тұрақталып келеді және құзырлы органдардың толық бақылауында. Сондай-ақ, ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының біріккен бітімгерлік әскери күштеріне, Қазақстан халқына көрсеткен қолдауына алғыс білдіреміз. Олар стратегиялық нысандардың қорғалуын қамтамасыз ету арқылы бізге өзіміздің құқық қорғау органдары мен күштік құрылымды террористермен күресу жіберуге септігін тигізді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының аумағында контортеррористтік операция жалғасып жатыр. 
 Андрей Сердюков, ҰҚШҰ Бітімгершілік күштерінің қолбасшысы:
Ұжымдық Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес ұжымдық бітімгершілік күштер Қазақстан Республикасының аумағында өрістетуді аяқтады.Қазіргі уақытта бітімгершілік күштер бөлімшесі маңызды мемлекеттік әскери объектілерді және әлеуметтік маңызы бар объектілерді қорғау жөніндегі міндеттерді орындайды. Әскери контингенттерді орналастыру және қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешкені үшін Қазақстан тарапына ризашылығымды білдіремін. 

Хабарламаларға жазылу