Алматыда ертеңнен бастап қоғамдық көлік қатынай бастайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ертеңнен бастап қоғамдық көлік қатынай бастайды

09.01.2022

Ертеңнен бастап Алматыда қоғамдық көлік қатынай бастайды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлап отыр. Таңғы сағат 07:45-тен кешкі 20:00-ге дейін 11 бағыт бойынша 130 автобус жолға шығады. Жүру интервалы 20-30 минут. Автобустар әсіресе орталық көшелер бойымен экранда көрсетілген кесте бойынша жүріп өтеді. Ал метро қызметі төтенше жағдай аяқталмайынша қосылмайды.   

Хабарламаларға жазылу