Жалпы, ел бойынша 400-ден аса автокөлікті өртеп, тонағаны анықталды. Оның 346-сы Ішкі істер министрлігіне тиесілі. 100-ден аса ірі сауда орындары мен қаржы ұйымдары тоналды.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:
Қылмыскерлер мұның барлығын алдын-ала жоспарлағаны күннен күнге дәлелденіп келеді. Кәсіби тұрғыда дайындалған. Ұйымдасқан. Тіпті көзге түспес үшін, алдымен көшедегі камераларды сындырған, айласын іске асыру мақсатында лаңкестер полиция мен әскерилердің киімін киіп алған.
Лаңкестердің 300-ден астамы елден қашпақ болған
Лаңкестердің 300-ден астамы елден қашпақ болған. Жаяу және автокөлік арқылы шекарадан аспақ болғандар дер кезінде ұсталды. Олардан қару-жарақ, телефон, ірі көлемдегі шетел және төл валюта тәркіленді.