Қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтау және қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз - депутат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтау және қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз - депутат

09.01.2022

Мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде елімізде маңызды экономикалық және саяси өзгерістер жалғасатынын айтты. Осы жұмыстарға барлығымыз атсалысуымыз керек, дейді сенаторлар.

Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Біздің негізгі мақсатымыз, негізгі мүддеміз, негізгі ниетіміз - ол біреу. Ол біздің мемлекетіміздің дамуы, біздің мемлекетіміздің тұтастығы, біздің жеріміздің тұтастығы, біздің одан кейін Тәуелсіздігіміздің туының биік болуы. Дәл осы жағдайда біз Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төңірегіне топтасуымыз керек деп ойлаймын. Дәл осы жағдайда біз бір көк тудың астына жиналуымыз керек.

Динар Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Еліміздің тұрақтануына, жағдайдың жақсаруына, еліміздің қайтадан қауіпсіз жағдайға келуіне, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің мықты болуына, еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуына барлығымыз дерлік қызмет жасауымыз керек.

Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтау және қорғау – баршамыздың қасиетті борышымыз. Осындай кезеңде ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылуға тиіспіз. Сын сағатта сабырлылық танытайық. Ел болып Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлына қолдау көрсетуіміз қажет.


Хабарламаларға жазылу