Елдегі қайғылы жағдайға байланысты ұшу рейсі 19 қаңтарға дейін ауыстырылған жолаушылардың ақысы кері қайтарылады. Әрі қаржыны қайтару кезінде ешқандай айыппұл алынбайды. Қазір, интернет байланысы нашарлап, сервис орталықтарынан ақпарат алу қиындаған. Жолаушылар үшін әуе рейстері мен әуекомпанияларының қызметінен хабардар болуы үшін телефон номірлері жарияланды. Ескеретін жайт, коменданттық сағат енгізілген қалаларға ұшып келерде өзімен жеке құжаттары болуы тиіс. Ұшу талоны да тексеріледі.