Қызылордада жарақат алған сақшылар қайта қатарға қосылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жарақат алған сақшылар қайта қатарға қосылуда

08.01.2022

Қызылордадағы бүлікшілермен қақтығыста 22 полиция қызметкері түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Басын бәйгеге тіккен сақшылардың бірқатары бүгінде қайта сапқа қосылып, қоғамдық тәртіпті орнатудағы қызметін жалғастыруда.

Солардың бірі - полиция старшинасы Игілік Мешітбаев. Ол он шақты әріптесімен бірге бесінші қаңтардағы дүрбелеңде бүлікшілердің ортасында қалып қойған. Қаруы жоқ сақшыларды қаскөйлер аяушылық танытпай ұрып, басын жарып, әбден тепкілеп тастаған. Абырой болғанда, полицейлер дер кезінде ауруханаға жеткізіліп аман қалған. Сол кезде алған жарақатынан толық айықпаса да бөлімше командирі қайта қатарға қосылып, елге қызмет атқаруда.

Игілік Мешітбаев, қалалық полиция басқармасының бөлімше командирі: 
Дәрігерлердің көмегімен басыма үш-төрт шоф салып, үйге қайтарылдым. Алайда үйде жата алмай, жұмысқа шығып қазіргі кезде қызмет атқарудамын. Ант бергеннен кейін қорғау міндетіміз.


Хабарламаларға жазылу