Павлодар облысында екі күнде коменданттық сағат талабын сақтамаған 100-ден астам адам ұсталды.
Болат Аманбаев, тілші:Шынымен де комендаттық уақыт талабын түсінбей тыйым салынған кезде көшеге шығып жүрген тұрғындар бар. Алғашқы күні 11 адам, ал кеше түнгі 23:00-ден кейін 93 адам ұсталды. 52 көлік айып тұрағына қойылды. Полиция бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жіберді. Кінәлілер 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айып төлейді немесе 15 тәулікке қамалуы мүмкін. Қазір аймақтағы құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Блокбекеттер қойылды. Стратегиялық нысандар, мемлекеттік мекемелер, ірі өндіріс орындарының бәріне қарулы күзет қойылды. Жалпы, өңірдегі коммуналдық қызмет әлеуметтік және бизнес нысандар қалыпты жұмыс істеп тұр. Жағдай тұрақты. 3 күн бұрын Павлодар, Екібастұз қаласы, Баянауыл ауданында 100 деген адам жиналған. Дөрекі сөйлеп, тентек мінез танытқандардың шектен шығуына көпшілік жол берген жоқ. Бұл жөнінде ғалым, қоғам қайраткері Серік Елікбайдың пікірін тыңдайық.
Серік Елікбай, ғалым, қоғам қайраткері:
Алаңға шыққан топтың арасында жүрдік. Тоқтау сөзімізді айттық.