Лаңкестердің қолынан қаза тапқан жауынгерлердің есімдері белгілі болып жатыр.
Көз жұмған күштік құрылым өкілдерінің саны 14-ке жетті. Олардың 7-еуі әскерилер мен полиция қызметкері, тағы 7-еуі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері. Қақтығыста оққа ұшқандардың арасында 4 офицер мен қатардағы 3 сарбаз бар. Әскери міндеттерін адал атқарған қаһарман ерлердің ең жасы 19-да, үлкені 48-де.
Ал нақты қанша сарбаз көз жұмғанын ІІМ нақтылап жатыр. Қақтығыста қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына Ұлттық арна қайғырып көңіл айтады.