Қасым-Жомарт Тоқаев: Террористермен келіссөз жүргізілмейді, біз олардың көзін жоюымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев: Террористермен келіссөз жүргізілмейді, біз олардың көзін жоюымыз керек

08.01.2022

Тікелей шетелдік инвестицияларға ашық есік саясаты Қазақстанның негізгі стратегиясы болып қала береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында осылай деп жазды.

Президент ағылшын тілінде бірнеше жазба қалдырып, террористік әрекеттерге қатысты ойын білдірді.

Онда: «Олар полицейлер мен жас сарбаздарды ұрып-соғып өлтірді, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді, жеке үйлер мен дүкендерді тонап, бейбіт тұрғындарды өлтірді, жас әйелдерді зорлады. Менің негізгі көзқарасым бойынша террористермен келіссөздер жүргізілмейді, біз олардың көзін жоюымыз керек», - делінген.

Сондай-ақ, «Террористер өте жақсы дайындалған, арнайы орталық басқарып жүр. Олардың кейбірі қазақ тілінде сөйлемейді. Алматыда кем дегенде лаңкестік шабуылдардың алты толқыны болды», - деді.

Әрі «Қазақстан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, сондай-ақ шетелдік компаниялар мен инвесторлардың өкілдері мен мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуді жалғастырады», - деп мәлімдеді.

Және «Қарулы басқыншылық әрекетке әкелген жағдайдың түпкі себептерін ашып, заң бұзғандарды жауапқа тарту үшін құқық қорғау органдарына жедел-тергеу тобын құруды тапсырдым», - делінген.


Хабарламаларға жазылу