Түркістан облысында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікпен 2 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқан деген күдікпен 2 адам ұсталды

08.01.2022

Түркістан облысындағы «Ынтымақ» блок бекетінде Алматы қаласындағы тонауға қатысқан деген күдікпен екі адам ұсталды. Облыстық коммендатураның мәліметінше, бүгін таңғы сағат 07:30-дар шамасында Алматы-Түркістан бағытынан келе жатқан автобус тоқтатылған. Тексеру кезінде екі адамнан түрлі тұрмыстық техника табылған.

1995 жылы туған жолаушыдан 1 дана ноутбук, 3 дана «Iphone» және «Samsung» телефондары, ал 1998 жылы туған азаматтан 3 дана «Canon» фотоаппараты мен 11 дана алтын бұйымдары және 2 сөмке жаңа киімдер табылған. Қазір осы оқиға бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Әзірге белгілісі, ұсталған екеу де бұрын ұрлық және тонау жасағаны үшін сотталған. Дәл осындай дерек Жетісай ауданында да тіркелді. Онда блокпостта тоқтатылған екі жолаушыдан бірнеше тұрмыстық техника табылған. Олардың тәртіпсіздік кезінде Шымкент қаласындағы дүкендерді тонағаны анықталып отыр. Тергеу барысында бір тұрғын қылмысын толық мойындаған.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу