Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн саммитін өткізуді ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының онлайн саммитін өткізуді ұсынды

08.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Қазақ басшысы еліміздегі конституциялық тәртіп пен заңдылықты қайта қалпына келтіруге көмектесу мақсатымен Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт ұйымының біріккен бітімгерлік күштерін жіберу туралы мәселені шешуге қолдау көрсеткені үшін Ресей басшысына ризашылығын білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын күндері аталған ұйымның саммитін онлайн форматта өткізуді ұсынды. Кездесу мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы келісіледі.


Хабарламаларға жазылу