Елбасы: Сындарлы сәтте Президенттің жанына жұмылайық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Сындарлы сәтте Президенттің жанына жұмылайық

08.01.2022

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын сындарлы сәтте Президенттің жанына жұмылып, еліміздің тыныштығын күзетуге шақырды. Бұл жайында Елбасының көмекшісі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Онда Елбасының Нұр-Сұлтан қаласында екені және елдің экс-президенті жайында қауесеттер мен жалған ақпараттарды таратпауды сұраған. Сондай-ақ, қазір Елбасының бірнеше консультативті кездесулер өткізіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста екені айтылған.

Хабарламаларға жазылу