Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористік әрекеттерге қатысты ойын білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев террористік әрекеттерге қатысты ойын білдірді

08.01.2022

Тікелей шетелдік инвестицияларға ашық есік саясаты - Қазақстанның негізгі стратегиясы болып қала береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында осылай деп жазды. Президент ағылшын тілінде бірнеше жазба қалдырып, террористік әрекеттерге қатысты ойын білдірді.

«Олар полицейлер мен жас сарбаздарды ұрып-соғып өлтірді, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді, жеке үйлер мен дүкендерді тонап, бейбіт тұрғындарды өлтірді, жас әйелдерді зорлады. Менің негізгі көзқарасым бойынша террористермен келіссөздер жүргізілмейді, біз олардың көзін жоюымыз керек» делінген. Сондай-ақ, «Террористер өте жақсы дайындалған, арнайы орталық басқарып жүр. Олардың кейбірі қазақ тілінде сөйлемейді. Алматыда кем дегенде лаңкестік шабуылдардың алты толқыны болды»,-деді. Әрі «Қазақстан шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, сондай-ақ шетелдік компаниялар мен инвесторлардың өкілдері мен мүлкінің қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етуді жалғастырады»,-деп мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу