Семейде блокбекеттер қойылды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде блокбекеттер қойылды (толығырақ)

08.01.2022

Семей қаласының кіреберіс жолдарының барлығына блокбекеттер қойылды. Қазір күш құрылымдары шаһарға кіріп-шығатын әрбір көлікті күні-түні жіті тексеріп жатыр. Жолаушылардың құжаты, қандай мақсатпен қалаға келгені немесе шығып бара жатқаны анықталады. Көлік толықтай тінтуден өтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қажет тұрақты және көшпелі бекеттер қаланың ішіне де қойылған. Әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар нысандар да күзетіледі. Тексерулер барысында бекеттен заңсыз өту, тәртіп бұзу фактілері анықталмаған. Қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Шаһарда еріктілер жасақтары да құрылып, олар құқық қорғаушылармен бірге тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек береді.

Айдар Садырбаев, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

Тұрғындардың, қала қонақтарының алаңдауға ешқандай негіз жоқ. Қоғамдық тәртіп тиісті күш құрылымдарымен және азаматтардың бастамашы топтарымен, еріктелердің жасақтардың күшімен толық қамтамасыз етіліп отыр.


Хабарламаларға жазылу