Байланыс операторлардан әр абонентке 200 sms пен 300 минут тегін беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байланыс операторлардан әр абонентке 200 sms пен 300 минут тегін беріледі

08.01.2022

Төтенше жағдайға байланысты тегін хабарлама жіберіп, қоңырау шалуға болады. Ұялы телефондарға Ақордадан осындай мәлімет келіп жатыр. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен, байланыс операторлары азаматтарға 200 sms және желі бойынша кез-келген бағытта 300 минут тегін сөйлесу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шара интернеттің уақытша жұмыс істемеуіне байланысты жүзеге асырылып отыр. Айта кетейік, қазір Нұр-Сұлтан қаласында интернет желісі жұмыс істеп тұр.

Хабарламаларға жазылу