Дәурен Абаев: ҰҚШҰ әскері лаңкестерге қарсы ұрысқа қатыспайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Абаев: ҰҚШҰ әскері лаңкестерге қарсы ұрысқа қатыспайды

07.01.2022

Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы миссиясының жай-жапсарына тоқталды. Ұйым бітімгерлік мақсатты көздейді, сарбаздары лаңкестерге қарсы ұрыс қимылдарына қатыспайды деп нақтылады Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары:

Бұл - бітімгерлік миссиясы. ОДКБ әскері әскери қимылдарға қатыспайды. Террористерді жоюмен айналыспайды. 6 қаңтарда қаланы тазарту операциясын Қорғаныс министрлігінің әскери бөлігі, Арыстан, Арлан, Бүркіт бөлімшелері атқарды. Сонымен бірге, ұйымның бітімгершілік миссиясы қорғау және күзету қызметін орындайды. Операция нәтижесінде қаладағы барлық әкімшілік ғимараттар террористерден тазартылды.


Хабарламаларға жазылу